Аягөзде бір отбасының 4 баласы қайғылы жағдайда көз жұмды

26.10.2023, 09:24
876
Аягөзде бір отбасының 4 баласы қайғылы жағдайда көз жұмды әлеуметтік желі

Абай облысы Аягөз қаласында газ балоны жарылып, бір үйдің 4 баласы көз жұмды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында жазды.

Газ балоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды. Баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан. Бұл отбасын жақсы білетін Аягөздік оқырмандарымның айтуынша, балалардың әкесі сантехник, анасы жұмыссыз. Аудандық басшылар табысың көп деп мемлекеттен алып отырған АӘК кесіп тастапты. Қайран шеше 4 балаға нәпақа болсын деп сүт сатуға үйден шығып кеткен екен. Базарға жүгіріп барып келгенде құлыншақтарының орнын сипап қалды, - деп жазды ол.

Айтуынша, қайғылы жағдай 25 қазан, Республика күні таң атпай болған.

«Көз алдындағы баладан әп сәтте айырылу деген қандай қиын… ешкімнің басына бермесін. Ананың декреттік уақытын балаға көңіл бөлу орнына нан табуға жүгіртіп қойған қу жоқшылық-ай. Барша оқырманым атынан Аякөз жұртына, қайғы жамылған ата-анаға көңіл айтамын», - дейді ол.

Журналист Аягөз ауданының әкімдігі жағдайды жасыруға тырысқанын айтады.

«4 баланың өлімі жайлы жазған жергілікті блогерлерді қудалап, жазбасын өшіртуін қалай түсінеміз?  Бәлкім енді бұл отбасына табиғи газбен жылитын үй берілетін шығар? Бірақ 4 періштенің әке-шешесін ешкім және ештеңе жылыта да, жұбата да алмайды. 4 періштенің жаназасы 26 қазанда Аягөз орталық мешітінде өтеді», - дейді Гүлмира Әбіқай.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді