Ақмола облысында 120 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

26.10.2023, 10:05
567
Ақмола облысында 120 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды canva.com

Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру барысында медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарда жүргізуші куәліктерінің болу фактілерін анықтады.

Мысалы, А. есімді азаматтың көлік жүргізу құқығын растайтын жүргізуші куәлігі бар. Алайда ол көлік басқаруға тыйым салынатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады. Бұл жалғыз ғана дерек емес, прокурорлар тағы осындай 120 фактіні анықтады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған тұлғалардың көлікті басқару құқығын тоқтату жөнінде шаралар қабылданды. Басқа бұзушылықтар үшін прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты шектен асырып, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан болады.

Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды