Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған – Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын мәлімдеді.
Экс-министр Қазақстаннан қашпақ болған кезде әуежайда ұсталған.
"Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді", – деді Шыңдалиев.
Еске салайық, бұған дейін 23 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған. Бекетаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.