1694

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған – Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын мәлімдеді.

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған – Бас прокуратура
orda.kz

Экс-министр Қазақстаннан қашпақ болған кезде әуежайда ұсталған. 

"Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді", – деді Шыңдалиев.

Еске салайық, бұған дейін 23 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған. Бекетаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.