10 жасар Данис Қуандықұлы шахматтан әлем чемпионы атанды

27.10.2023, 16:22
3295
10 жасар Данис Қуандықұлы шахматтан әлем чемпионы атанды chessacademy.kz

Египетте өткен кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында 10 жастағы Данис Қуандықұлы алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

 

«2023 жылғы 16-26 қазан аралығында Шарм-эль-Шейх қаласында «8, 10 және 12 жасқа дейінгі» жас санаттарында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Бұл турнир жас шахматшылар үшін негізгі және ең беделді жарыс болып табылады. Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының «Спец» тобының оқушысы, Данис Қуандықұлы «10 жасқа дейін» жас санатында өнер көрсетті»,—делінген хабарламада.

11 турдың қорытындысы бойынша жас шахматшы 9 ұпай жинап, 7 жеңіске қол жеткізді, 4 рет тең ойнады.

«Данис Қуандықұлының жетістігі қазақстандық шахмат үшін тарихи болып табылады, өйткені ұлдар мұндай деңгейдегі жарыстарда ешқашан әлем чемпионы атанған емес. Қорытынды кестеде Данис АҚШ, Ресей және Қытайдан келген ең мықты шахматшылардан асып түсті»,— деп толықтырды шахмат академиясы.

Данис Академияда 5 жасынан бастап бізде оқиды, спорт шеберіне кандидат, өзінің жас санатында Алматы мен Қазақстанның қазіргі чемпионы болып табылады

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды