Халықаралық байқауда «М. Әуезовке 125 жыл» монетасы жүлде алды
«М. Әуезовке 125 жыл» монетасы халықаралық байқауда «Монета классикасы» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.
Аталған номинацияның басты шарты — медальдық өнердің классикалық канондарына сәйкес болу.
Айта кетейік, басқа номинациялар бойынша бірнеше жүлдегердің, атап айтқанда, Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы Ұлттық банктерінің монеталарын Қазақстанның Теңге сарайы шығарған.
Биыл 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін шығарған монеталарын әлемнің 18 елінен 23 қатысушы ұсынды.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші