Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды
Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Еліміздің біраз аймағында ауа райы құбылады. Елордада түнде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Ақмола мен Қарағанды облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал. Еліміздің батыс аймағын тұман басуы мүмкін. Ал таулы аймақтарға қалың қар түседі деген болжам бар. Солтүстік өңірлерде бұрқасын соғады.
Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды. Еліміздің барлық өңірінде желдің екпіні күшейіп, секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші