Көңіл айту жеделхатының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.
"Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.
Көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.
Сондай-ақ, Тоқаевқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты.