Отбасының берекесін қашырғандар 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін

31.10.2023, 18:13
853
Отбасының берекесін қашырғандар 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін canva.com

Бүгін Мәжілісте «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды

Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, қазір қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қолдану Қылмыстық заңнама аясында іске асырылып отыр.

Заң жобасында «қоғамдық жұмыстарға тарту» түрінде әкімшілік жазаны қолдануды іске асырудың ұқсас тетігі ұсынылып отыр. Алайда жазаның осы түрін орындауды жергілікті атқарушы органдарға бекітуді ұсынып отырмыз, - деді ол.

Сонымен, қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодектің бірқатар құрамы (11 бап және 19 құрам) бойынша «қоғамдық жұмыстарға тарту» жазасын қолдануға болады деген шешім жасалды.

Осы ретте төмендегі баптар ескерілген:
1. 73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер;
2. 73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;
3. 73-2-бап. Ұрып-соғу;
4. 434-бап. Ұсақ бұзақылық;
5. 434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау;
6. 440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу;
7. 443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау;
8. 449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу;
9. 615-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу;
10. 653-бап. Сотты құрметтемеушілік
11. 669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындау.

Заң жобасында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер аясында «қоғамдық жұмыстарға тартуды» қолдану тетігін тиісті түрде іске асыру ұсынылады.

Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар сот қаулысы келіп түскен сәттен бастап құқық бұзушыны шақырады, оның жеке деректерін толтырады, оған құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін түсіндіреді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін ұйымға хабарлама жібереді, қоғамдық жұмыстарды орындау кестесі мен кезеңділігін жасайды. Бұдан бөлек, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарғаны туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді. Өз кезегінде ұйымдар орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттардың табельдерін жүргізеді, тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есеп береді, - деді Алма Мұқанова.

Сондай-ақ вице-министр заң жобасында отбасының берекесін қашырғандар үшін жаза қарастырылғанын жеткізді.

Тиісті формула қарастырылды. Бір күн қамауға алу жазасы 4 сағаттық қоғамдық жұмысқа тең болады. Мысалы, отбасында жанжал шығарғандарды 5 тәулікке қамау қарастырылған. Аталған формула аясында бұл адамдар 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Жалпы, заң жобасы әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан бұл көрсеткіштер өзгеруі де мүмкін, - деді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды