Сарыағашта заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынның үйінен 30 шетелдік азамат анықталды

02.11.2023, 11:38
1092
Сарыағашта заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынның үйінен 30 шетелдік азамат анықталды polisia.kz

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан адамның қылмыстық әрекеттерін тоқтатты.

Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында полицейлер Өзбекстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткен жергілікті тұрғынды анықтады. Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын шекарадан кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған сәтінде ұстады. Тінту кезінде күдіктіден 2,5 миллион теңгеге жуық ақша, 2 телефон мен құжаттар тәркіленді.

Сонымен қатар полицейлер тұрғынның жаздық үйін тексеру кезінде елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматын анықтады. Оларға ұсталған ер адам Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)