Алматыда 1 500 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды

02.11.2023, 18:36
767
Алматыда 1 500 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысында салынып жатқан мектепке барды.

Бұл мектеп 1500 орынға лайықталған. Оны Алматы әкімдігі жобалық кеңсесінің қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Bazis Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы салып жатыр.

Құрылыс 2023 жылдың маусымында басталды және қазірге дейін бірқатар жұмыс аяқталды. Мектепті 2024 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған. Жоба бойынша 326 орынды зал, 4 спорт залы, бастауыш сынып оқушыларына арналған 2 шағын спорт зал қарастырылған. Бастауыш сынып оқушылары үшін кіретін есік бөлек болады. Қала басшысы тұрақ аймағы мен айналма жолдарды салу үшін қосымша жерлерді сатып алу мәселелерімен шұғыл түрде айналысуды тапсырды.

Алмалы ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы жағдайы салыстырмалы түрде жақсы: оқушылардың жалпы контингенті 37 мың оқушыға шаққанда орын тапшылығы 1 мыңнан сәл асады. Қазір ауданда 42 білім беру ұйымы бар, оның ішінде 29 мектеп мемлекеттік және 13-і жекеменшік.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын Қазақстан Үкіметі 2022 жылы президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты  Жолдауын жүзеге асыру үшін қабылдаған. Жобаның басты мақсаты – апатты нысандарды, үш ауысымды оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою.

Бұған дейін 2025 жылға қарай Алматыда 37 100 орындық 22 жаңа мектеп пайда болатыны хабарланды. Әкімдіктің жобалық кеңсесінің ақпараты бойынша, жаңа форматтағы мектептердің басым бөлігі Алатау және Наурызбай аудандарында салынады – 5 оқу орны. Бостандық ауданында – 4 мектеп, Түрксіб ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2 мектеп, ал қалған аудандарда бір мектептен салу жоспарланған. Мектептер олардың тапшылығы байқалатын жерлерде салынып жатыр.

Жайлы мектептерде барлық білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасалады, оның ішінде есіктерді автоматты түрде бұғаттаумен кіру және шығуды бақылау жүйесін, Face ID және QR-кодтарды енгізу жоспарланған. Оқу орнының әкімшілігі нақты уақыт режимінде бүкіл ғимарат пен мектеп аумағындағы жағдайды қадағалап отыру үшін міндетті түрде бейнебақылау жүргізіледі. Ауыр рюкзактар мәселесін шешу үшін мектептерде оқулықтарды сақтауға арналған бөлек шкафтар орнатылады. Сондай-ақ, жобаларда лифттер, электронды кітапханалар және хоккей корты қарастырылады. Әр қабатта демалу үшін коворкинг-аймақтар және ауыз су бұрқақтары орнатылады.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты