1183

Екібастұзда 13 жыл бойы іздеуде жүрген 67 жастағы әйел ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екібастұзда 13 жыл бойы іздеуде жүрген 67 жастағы әйел ұсталды
tengrinews

2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер ханым мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен. 

– Күдікті іздестірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Іздестіру бастамашысына ұсталғаны туралы хабарланды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

67 жастағы әйел алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған.

Материал авторы