Ақтөбеде сауда орталығынан 25 млн теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды

03.11.2023, 16:18
837
Ақтөбеде сауда орталығынан 25 млн теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды polisia.kz

Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

1 қараша күні түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының біріндегі сауда орнынан аса ірі көлемде алтын бұйымдар ұрланған. Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын сатушы келесі күні таңертең білген. 29 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтады.

Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларын зерделеу кезінде медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын “ізін суытпай” анықтады. Ол 25 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің түнгі уақытта сауда-ойын сауық орталығында адамдардың аздығын пайдаланып, өзінің 3 сыбайласымен бірлесе әрекет жасағаны анықталды. Олар орталықтың ішінде бір-бірімен құлаққап арқылы байланысып отырған және осы қылмысты жасағаннан кейін БҚО Орал қаласына бой тасалаған. Күдіктілердің барлығы бұрын сотталған облыс тұрғындары екені анықталып, 2 қарашада олар криминалдық полиция қызметкерлерімен Орал қаласында ұсталды.

Ұрланған алтындар тәркіленді. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен (Ұрлық) қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)