Қостанайлық әйел ет сатып аламын деп, алаяққа ұрынды

04.11.2023, 15:29
635
Қостанайлық әйел ет сатып аламын деп, алаяққа ұрынды ашық дереккөзден

Қостанайда тартылған ет сатып алғысы келген әйел алаяқтарға тап болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел бұл жағдай туралы полицияға хабарлаған. 

– Ол 21 қазан күні  WhatsApp желісіндегі топқа хабарлама жазған. Онда ет сату туралы хабарландыру жарияланған. Топ әкімшісі әйелге тартылған ет таусылғанына байланысты тапсырысты орындай алмайтынын жеткізген, – дейді департаментте. 

Кейін әйелге бейтаныс нөмірден фаршты топта ұсынылғаннан да төмен бағаға сатып алуға болатыны туралы хабарлама келген. Әйел көрсетілген нөмірге 13 мың теңге ақша жіберген, бірақ өнімді алмаған. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жасалуде. 

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандықтарға 90 миллион теңгеге дейін бар болғаны 2%-бен несие алу туралы ұсыныстар жиі түсе бастаған. Олар бұл ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алуды немесе кәсіп ашуды ұсынады. Мұның бәрі – алаяқтардың ісі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды