Енді алименттен жалтарғандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бұл туралы smartnews.kz сайты АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атыраудағы Мақат ауданының прокуратурасы алимент берешегі бар борышкерлерге қатысты рейдік іс-шара ұйымдастырған.
Осылайша алимент төлемей қашып жүрген 2 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылса, 12 адамның көлік басқару құқығы тоқтатылды.
Жалпы шара барысында алимент төлемей жүргендерден 1 млн 777 мың теңге өндірілді. Прокуратура 2 айдан астам алимент берешегін төлемеген тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 139 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Бұл бапта екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші