1191

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында басталған.

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
Turizm_jane_sport_ministrligi

Астанада еркін күрестен балалар мен жасөспірімдер арасында даңқты балуан, Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында басталған республикалық турнирде еліміздің әр облысынан келген 2012-2014 жылы туған балалар мен 2009-2011 жылы дүниеге келген жасөспірім балуандар белдесіп жатыр.

Атап айтқанда, 2012-2014 жылы туған балалар 27 кг, 30 кг, 33 кг, 36 кг, 39 кг, 42 кг, +46 кг, ал 2009-2011 жылғылар  35 кг, 38 кг, 41 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг, 57 кг, 62 кг, 68 кг, 75 кг, +75 кг салмақта үздіктерді анықтайды.

3-4 қарашада барлық жас және салмақ дәрежесі бойынша алдын ала белдесулер өтсе, финалдық кездесулер 5 қарашаға жоспарланған. Елорданың күрес жанкүйерлері балғын балуандардың өнерін «Жекпе-жек» спорт сарайынан тамашалай алады. Жарыстар күндізгі 10:00 мен кешкі сағат 18:00-ге дейін өткізілуде.