589

Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған экс-ректордың жазасы жеңілдемейді

Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы 1,7 млрд теңге жымқырып, 8 жылға сотталған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады.

Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған экс-ректордың жазасы жеңілдемейді
canva.com

Апелляциялық инстанция Шыныбековтың ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

"Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды", – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.