Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған бағдарламаның жұмыс істейтіні туралы ақпарат тараған болатын.
Отбасы банкі қазақстандықтарға несие берудің басқа да нұсқаларын қарастырып жатыр. «9-20-25» – болашақта іске асуы мүмкін тұрғын үй бағдарламасының нұсқасы. Бұл жоба әзірлену үстінде. Банк мамандары тиісті есептеулер жасап, шарттарды талдауда. Жоба мақұлданған кезде Отбасы банкі қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толық ақпарат ұсынады, - деп жазылған банк таратқан хабарламада.
Ал «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік бермеді.