Индер ауданында төрт адам өз-өзіне қол жұмсады

08.11.2023, 17:50
613
Индер ауданында төрт адам өз-өзіне қол жұмсады canva.com

Атырау облысының Индер ауданында биыл төртінші адам өз-өзіне қол жұмсады. Ол дарға асылып, қайтыс болды.

AtyrauPress-тің хабарлауынша, марқұм 30 жаста болған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Облыста бұған дейін жыл басынан бері 38 бала өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Өкішітісі сол, 9 балаға жақындары дер кезінде қол ұшын бере алмаған. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, соңғы кездері Атырау облысында өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған балалар көбейіп жатыр. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе өскен. Биылдың өзінде 38 бала өзіне қол жұмсамақ болған. Қайғымен аяқталған соңғы екі оқиғада 14 жастағы қыз бен 15 жастағы ұл ата-анасына ренжіп, биіктен секіріп кеткен. Бірі көпқабатты үйден, екіншісі көпірден құлаған. Талдау көрсеткендей, көз жұмған балалардың басым көпшілігі жағдайы жақсы отбасылардан шыққан.

Алайда біздің жүргізген зертеулерге сәйкес, мұндай әрекетке ата-анасымен, кейде достарымен сөзге келіспей қалған, өтпелі кезеңде жүрген балалар бейім екен. Жақында білім басқармасы жанынан жасөспірімдерді психологиялық қолдау орталығын ашамыз. Онда эмоционалдық тұрақсыздыққа тап болған балаларға әдістемелік қолдау көрсетіледі, арнайы call-center іске қосылады, – деді ол.

Сондай-ақ 3 қарашада түнгі мезгілде көпірден секіріп кеткен жасөспірім әлі табылмай жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабаралуынша, қазір 8 құтқарушы екі қайықпен іздестіруде.

Жалпы, соңғы кезде елімізде жыл сайын 200-дей жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсайтыны анықталып отыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады