Байзақ ауданындағы балалардың жаппай улануы: тергеу жұмыстары басталды

08.11.2023, 18:04
483
Байзақ ауданындағы балалардың жаппай улануы: тергеу жұмыстары басталды Жамбыл облысы прокуратурасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектепте балалардың жаппай улануына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты

2023 жылдың 7 қарашасында Сарыкемер ауылының Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды – 33 оқушы және 2 мұғалім, - делінген ақпаратта.

Прокуратураның хабарлауынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындады.

Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөліміне қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі бойынша («cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасы.

Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынған.

Айта кетейік, бұған дейінЖамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектеп-гимназияда бастауыш сынып оқушылары уланғаны белгілі болды. Ауруханаға түскендердің негізгі бөлігі – 7-10 жас аралығындағы балалар. Оларға жедел тағамдық токсикоинфекция диагнозы қойылды. 

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды