«Жасырып отыр»: Журналист Астанада тағы 5 адам жанып кеткенін хабарлады

09.11.2023, 17:46
756
«Жасырып отыр»: Журналист Астанада тағы 5 адам жанып кеткенін хабарлады qaz365.kz

Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы жатақханада бес адам жанып кетті. Бұл туралы журналист Ақбөпе Тәңірберген әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бір қызығы Төтенше Жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова Байқоңыр ауданында 5 бірдей адамның жанып кеткенін білмеймін дейді. Байқоңыр аудандық ТЖД сол беті жоғалды. Байқоңыр ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Үкілім менде ақпарат бар, бірақ бере алмаймын, ТЖД берсін дейді», – деп жазды журналист.

Ақбөпе Тәңірбергеннің айтуынша, әкімдік бұл жатақханадан тірі шыққандарды сол күні алып кетіп, қонақ үйге орналастырған. Оған бұл ақпаратты қайтыс болған адамдардың көршілері айтқан.

«Қайтыс болғандарды кеше жерлеген. Басқа ақпарат бергілері жоқ. Жасырып-жауып отыр екен. Қайтыс болған бөбөктер 5-6-7 жас шамасында деді. Байқоңыр ауданы ТЖД хабарлассам телефонды алған Данияр Сәбитович 3 күн бұрын болып кеткен нәрсе ғой, қайтесіңдер дейді. Оларға 5 адамның өлімі түк емес. Әбден еттері үйреніп кеткен сияқты», – деп жазды ол.

Қазақстанда мұндай қайғылы жағдай алғаш рет емес. Жақында Аягөзде төрт бала өртенген еді. Оның алдында 2019 жылы Астананың Көктал-1 елдімекенінде көмірмен жылынатын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмды. Бұл қайғылы оқиға қоғамда резонанс туғызыған болатын. 

2021 жылы Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында да газ балоны өртеніп, бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапқан болатын.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)