"10% алып отырған": Бюджет қаражатын жымқырған 7 адамға қатысты үкім шықты

10.11.2023, 10:49
1002
"10% алып отырған": Бюджет қаражатын жымқырған 7 адамға қатысты үкім шықты gov.kz

Жамбыл облысында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 7 адамға қатысты сот үкімі шығарылды. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, Жамбыл облысы Меркі ауданы прокуратурасы Меркі ауданы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да тұлғалардың көмектесуімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтаған.

Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру нәтижесінде әшкереленген.

29.02.2020 жылы №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген, алайда соңғы аталған жұмыстарды мүлдем орындамай, бюджет қаражатын №16 Спорт мектебінің лауазымды тұлғаларының өтініштері бойынша қолма-қол ақшаға айландырған және өзінің қызметі үшін жалпы соммадан 10% алып отырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 16 млн теңгеден астам соманы құраған.

2022 жылдың 10 қазанында сотқа дейінгі тергеу жүріп, тергеп-тексеру нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілген.

Осылайша 2023 жылдың 3 қарашасында Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры бас есепші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 4 көмектесуші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге келтірілген шығын өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды