Павлодарлықтар амнезиямен ауыратын әжейді 6 күннен бері таба алмай жатыр

10.11.2023, 10:18
701
Павлодарлықтар амнезиямен ауыратын әжейді 6 күннен бері таба алмай жатыр polisia.kz

Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шыққан және оның қай жерде екені әлі белгісіз.  

Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған. 

"4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, "Vita" еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылуда", - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев. 

Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды. 

Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош. 

📢Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады