1900

"Ақша салмады": Айқын Төлепберген тойда қалтасын ақтарған кісіге қатысты пікірін білдірді

Әншінің қалтасын ақтарған адам жұртты таң қалдырды.

"Ақша салмады": Айқын Төлепберген тойда қалтасын ақтарған кісіге қатысты пікірін білдірді
видеодан алынған кадр

SmartNews сайтының дерегінше, желіде танымал әнші Айқын Төлепберген тойдағы видеосы тарап жатыр.

Видеода әнші ән айтып жатқанда, жұрттың онымен суретке түсіп жатқаны байқалады. Сондай-ақ қонақтардың бірі әншінің қалтасына қолын салғанын байқауға болады. Оны өнер иесінің өзі де байқап, күлді.

Айқын Төлепберген жағдайға қатысты пост бөлісті:

"Ақша салмады. Мүмкін жұғысты болсын деп, қалтама қолын салған шығар. Ағамызға өкпе жоқ. Көңілді көтеріп, суретке түсті", - дейді әнші.

Ал әншінің тыңдармандары желіде "Қалтасына өнерін бағалап ақша салып жатқан шығар", "Бұл кісі біреудің қалтасынан бір нәрсе алатын кісі емес Ұлағатты ұстаз", "Айқын сабырлылық танытты" деген пікірлерін жарыса жазды.