932

Бишімбаевқа көмектескен Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлім етті.

Бишімбаевқа көмектескен Гастро-орталық директоры екі айға қамалды
kaz.kazlenta.kz

“Бау” мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды департамент.

Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған. Бұдан өзге ақпаратты департамент тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.