762

Алматы - Қорғас тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Алматы - Қорғас тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты
polisia.kz

Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қаза тапты. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.