Үш жылдық бюджеттегі теңге бағамы неге қазіргі көрсеткіштен төмен – министрдің жауабы

15.11.2023, 17:56
807
Үш жылдық бюджеттегі теңге бағамы неге қазіргі көрсеткіштен төмен – министрдің жауабы primeminister.kz

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 480 теңгенің айналасында болып тұрғанына қарамастан, үш жылдық бюджетте бұл шама 460 теңге деп көрсетілген.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде Kazinform тілшісі Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан осының себебін сұрады. 

«Бірінішден, бүгінде теңге бағамы 480 теңгеге жетті. Ұлттық банк төрағасының орынбасары өз баяндамасында теңге бағамы жыл басында 469 болғанын айтты. Біз теңге бағамы тұрақты болады деп болжап отырмыз», - деді министр. 

Сондай-ақ ол теңге бағамының бір жылдағы құбылу дәлізі үш жылдағы дәлізден өзгеше болатынын айтты. 

«Мысалы, былтыр бір долларға шаққандағы теңге бағамы 500-ге дейін барды. Соның өзінде Үкімет теңгенің нығаятынын болжады. Бұл жолы да сондай жағдай болады. Жалпы теңге еркін ағысқа жіберілген. Ал бюджет саласында баға сәл консервативті деңгейін сақтап тұр. Инвесторларға да, халыққа да тұрақты болатыны туралы белгі тастап отырмыз. Теңге бағамы біз күткеннен төмен болса, қосымша түсімдер пайда болады», - деді Әлібек Қуантыров.

Ол сонымен қатар алдағы үш жылда теңге бағамы 460 теңгеден төмен де, жоғары да болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды