828

QYZPU Гонконг педагогикалық университетімен меморандумға қол қойды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгін Алматыда Гонконг білім беру университетінің президенті Джон Ли Чи Кинмен кездесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

QYZPU Гонконг педагогикалық университетімен меморандумға қол қойды
gov.kz

Кездесу барысында ведомство басшысы Гонконг тарапына қос диплом бағдарламасын іске асыруды ұсынды. Джон Ли Чи Кин министр ұсынысын қабылдап, Қазақстанмен ғылым және білім беру саласында тығыз жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай Гонконг білім беру университетінің президенті Джон Ли Чи Кинмен өзара ынтымақтастық жөніндегі 3 жылдық меморандумға қол қойды.

Осы құжат аясында бірлескен магистрлік білім беру бағдарламасы құрылып, студенттер мен оқытушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Гонконгке жіберу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу сынды жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылады.