Басты мақсат – оқуын аяқтаған түлектің еш қиындықсыз жұмысқа орналасуына жол ашу - Тамара Дүйсенова

16.11.2023, 12:54
217
Басты мақсат – оқуын аяқтаған түлектің еш қиындықсыз жұмысқа орналасуына жол ашу - Тамара Дүйсенова primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кәсіби біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында «Кәсіби біліктілік туралы» заңның орындалу барысы талқыланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері, облыс әкімдерінің орынбасардары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, колледждер мен ЖОО-лардың кейбір түлектері меңгерген мамандығы бойынша жұмысқа орналаса бермейді. Жұмыссыз қалып қоятындары да бар. Мұның бір себебі – түлектердің біліктіліктері жұмыс берушілер қойған талаптарға сай келмей жатады. Қазір еңбек нарығының сұранысына сай сапалы кадр дайындау үшін оқу орындары мен кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнату мақсаты тұр.

«Кәсіби біліктілік туралы» заңның аясында отандық сарапшылар кәсіби стандарттар әзірлеп жатыр, білім беру ұйымдары оқу бағдарламасын сол стандарттарға сай етіп келтіруде. Түлектердің меңгерген білімін тәуелсіз Сертификаттау орталықтары бағалап бастады. Міндеттердің осылайша бөлінуі сапалы кадр дайындауға мейілінше сеп болады. Бұл жұмыстың басы қасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрылған Біліктілік жөніндегі ұлттық орган болмақ.

Бүгінде 200-ден аса стандарт заманға сай лайықталып, жаңадан 20-сы дайындалды. Айта кетейік, бұл жұмыстың барлығы цифрлық форматқа көшкен.

«Келешекте қарастырып жатқан стандарттарымыз қолданыстағы біліктілік анықтамаларын алмастыратын болады. Оның негізінде қызметкердің міндеттері мен еңбекақы көлемі анықталатын болады», — деді Тамара Дүйсенова.

Өзгеріп жатқан трендтер жоғары білім саласына да әсерін тигізуде. Қазірде 2 800-ден аса білім беру бағдарламасы кәсіби стандарттарды ескере отырып әзірленді, оның 166-сы инновациялық болып саналады.

«Қазіргі және келешекте сұранысқа сай болатын кадрларды дайындау үшін аймақтық жаңа мамандықтар атластары әзірленіп жатыр. Олар өңірлердегі еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыруға бағытталған», — деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.

«Бұл жұмысымыздың маңызы өте зор. Кәсіби стандарттарға сай білім беріп жатқан оқу орындарына бөлінетін гранттар санын көбейту жағын пысықтауымыз керек. Біздің басты мақсат – оқуын аяқтаған түлектің еш қиындықсыз жұмысқа орналасуына жол ашу. Бұдан барлығы ұтады», — деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары