1156

Қытайда өрттен 26 адам көз жұмды

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында өрттен 26 адам мерт болды. Kazinform бұл туралы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Қытайда өрттен 26 адам көз жұмды
China Photos
 

Өрт бүгін таңертең Шаньси провинциясының Люйлян қаласындағы көмір өндіру мекемесінің кеңсе ғимаратында тұтанған.

Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр.

Xinhua ақпараты бойынша, 70 адам эвакуацияланды, оның 63-і ауруханаға жеткізілді.

Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр.