Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады

16.11.2023, 20:01
562
Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама” жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Аталмыш Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін жасырынып отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар ер адамға Қызылорда облысында ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланған.

Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) және 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Қазақстанның 3 мегаполисі мен 5 облысында жасалған 22 қылмысқа қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның басқа осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы тексеріледі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)