Қазақстанда ғалымдардың жалақысы өсіп, 252 мың теңгеге жеткен

17.11.2023, 10:52
591
Қазақстанда ғалымдардың жалақысы өсіп, 252 мың теңгеге жеткен aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

SmartNews.kz сайтының жазуынша, кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалған. 

Саясат Нұрбек:

➤ биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейгенін айтты. ЖОО профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мыңнан 400 мың теңгеге дейін өскені жөнінде баяндады;

➤ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайғаны туралы мәлімет берді;.

жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысына қатысты ақпарат берді;

➤ QS рейтингіне 21 ЖОО, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіретіні жайында айтты. Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны 8-ге жетеді;

➤ Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын басталғанын баяндады. Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 млрд теңгені құрағанын жеткізді;

➤ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары тазалығы 99,5 пайыз мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапқанын хабарлады. Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алатынын айтты.

Президент білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды