"Ұсыныстарыңыз керек": Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты үндеу жасады

17.11.2023, 19:25
917
"Ұсыныстарыңыз керек": Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты үндеу жасады gov.kz

Заң күшейгелі жауапқа тартылатындар саны артқан.

SmartNews.kz сайтының дерегінше, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жағдайға байланысты үндеу жасады.

Министр өз үндеуінде, биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейгеннен кейін 4 ай ішінде жауапқа тартылғандар саны артқанын айта кетті.

Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапқа тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жеткен. Биыл 60 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың ескерту жасалды. Құқық бұзушылардың мінез-құлқын түзету үшін сот арқылы 12 мың ерекше талап қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу 20%, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар 4,2%, ауыр қылмыстар 12% төмендеген.

"Біз ата-ана ретінде үйде болсын, сыртта болсын келеңсіз жағдайлармен күресу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Қоғам заң бұзушылыққа, зорлық-зомбылық пен дөрікілікке төзбеуі тиіс. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, бұзақылықтан, вандализмнен мүлдем бас тарту керек.

Барша адам баласына деген құрмет азаматтардың әйелдер мен қыздарға деген сыйластығын бала кезден сіңдіру керек. Өзіміз бен айналамыздағы адамдардың тағдыры мен өмірі бізге байланысты екенін еске ұстауымыз керек.

Президент жанындағы Әйелдер және отбасы саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. Сондықтан барлық сарапшылар мен азаматтық сектор өкілдеріне белсенді болуға, тиісті ұсыныстар жасауға шақырамын. Әділетті Қазақстан - заң мен тәртіп орнаған елде болады", - деді министр.

Еске сала кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылданды. 1 шілдеден бастап полиция арыз күтпей, құқық бұзушылық анықталған кезден іс қозғайды. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Ол үшін куәгерлердің, көршілердің жауаптары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркеуіш жазбалары жеткілікті болады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)