Дауыл салдарынан біренше елді мекен жарықсыз қалды

19.11.2023, 14:11
707
Дауыл салдарынан біренше елді мекен жарықсыз қалды stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан бірнеше елді мекен электр жарығынсыз қалды. Кей аудандарда су да жоқ. Жауапты қызметтер апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында электр жарығы 18 қараша күні сағат 19.00 шамасында сөнді. Көп ұзамай су беру де тоқтатылды. Тек бүгін сағат 13.00-ге таман ғана жарық қосылды. Сумен қамту әзірге қалпына келген жоқ.

Қызылжар аудандық әкімдігінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты негізгі магистральді электр тарату желісі істен шыққан. Салдарынан Бескөлде жылыту жүйесі тоқтатылды. Барлық қызмет күшейтілген тәртіпте жұмысқа кірісті. 

«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ мәліметінше, 18 қараша күні ауа райына байланысты СҚО аумағындағы қондырғыларда және желілерде бірнеше технологиялық бұзылу фактісі тіркелді. Жабысқақ қар мен қатты жел салдарынан электр тарату желілеріне мұз қатып, үзілді. Қазіргі уақытта бригадалар электр желілерін тексеріп, апат орындарында жұмыс істеп жатыр. «Аққайың ауданы, соның ішінде аудан орталығы Смирновода, М.Жұмабаев, Қызылжар ауданы, соның ішінде Бескөлде, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Шал ақын аудандарында электр қуаты болған жоқ.

М.Жұмабаев ауданында ең күрделі технологиялық бұзылу тіркелді. ВЛ-110 кВ «ПТЭЦ-2-Булаево-нефть» тірегі істен шығып, аудан толықтай электр қуатынан ажырап қалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Болған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз, бригадалар күшейтілген режим тәртібінде апат салдарын жойып жатыр», - деп жазды компания өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды