Грузияның пианистері қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады

19.11.2023, 16:29
610
Грузияның пианистері қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады gov.kz

Еліміздің мәдени мұрасы Грузияда насихатталып жатыр.

SmartNews басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Грузияның жас пианистері «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасы аясында екі елдің ұлттық камералық музыка кешін ұйымдастырды.

Концерт бағдарламасында қазақ және грузин композиторларының фортепианаға арналған үздік шығармалары орындалды. Грузияның жас пианистері біздің отандық музыканы ерекше шабытпен орындады.

Тбилиси консерваториясының студенті Дэвид Кецбая өз әсерімен былай бөлісті: «Мен үшін жаңа және әдемі шығарманы орындағаныма қуаныштымын. Мен ойнаған «Япурай» қазақ әні тақырыбындағы шығарма өте нәзік және әуезді, менің ойымша, бұл поэтикалық музыкалық әуен қазақ халқының кең дала сияқты ақкөңіл әрі ашық мінезін бейнелейді».

Іс-шараны ұйымдастырушы пианист – «Art-Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық ұйымының директоры Ерназар Гимарат жас пианистердің достығы бір ай бұрын Алматыда грузин музыканттары қатысқан алғашқы халықаралық фортепиано музыка фестивалінде басталғанын айтты. Содан кейін Ұлттық академиялық музыканың бірлескен мерекесін құру идеясы пайда болды.

Концерт Вано Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясында өтті, онда қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтуде. Осы кеште қазақстандық жас композитор Карина Измаилованың «Арнау» шығармасының тұсаукесері өтті.

Екі халықтың музыкасы көрермендерді біріктіріп, жанрлық әртүрлілік, тақырыптық спектрдің кеңдігі, әртүрлі стильдер жағынан жарқын көңіл-күй мен әсерлер, сыйлады.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды