"Мола аралау әдетімде жоқ": Бекболат Тілеухан ата-баба әруағына сыйыну күнә екенін айтты

20.11.2023, 12:11
1360
"Мола аралау әдетімде жоқ": Бекболат Тілеухан ата-баба әруағына сыйыну күнә екенін айтты stan.kz

Экс-депутат Бекболат Тілеухан мола аралау әдетімде жоқ екенін айтып, ата-баба әруағына сыйыну күнә екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың, Стамбулда жүргенде қазақ таэквондо шебері Мұстафа Өзтүріктің басына барып, құран оқып, зиярат еттіңіз бе деген сауалына экс-депутат өз жауабын берді. 

"Жоқ зиярат етпедім. Баяғыда қай жақта жатқанын, моласын көргенім бар. Мола аралау деген нәрсе әдетімде жоқ. Құран бағыштаймын. Құран бағыштаған кезде ең бірінші сауабын әке-шешеме тілеймін. Мен тек моланың басында емес, күніге таң намазынан кейін құран бағыштаймын", - деді Бекболат Тілеухан. 

Ата-бабаның әруағына сиынған дұрыс па деген сауалға оның діннен шығу екенін жеткізді. 

"Астағфирулла дұрыс емес. Алладан басқа ешкімге сиынуға болмайды. Әруақты сыйлау міндет. Әруақ тарих. Әруақ менің әкем, атам. Өмірден өтті, бізге істейтінін істеді, мирасын қалдырды. Оларға құран оқып, сауабын бағыштау міндетім деп есептеймін. Бірақ оларға Құдайдың сипатын беріп, әруаққа сиыну күнә, діннен шығу. Негізгі діннің шартына қайшылық.

Әруақ деген тарихи тұлға. Тарихи тұлғаға соңғы 30 жылда талай қызмет еткен адам бар. Солардың ішінде ең жақсы қызмет еткен мен. Неге десең. Себебі маған дейін Доспамбет, Қазтуған, Шалкиіз, Дулат Бабатайұлы мұраларын ұрпаққа жеткізген адам болған жоқ. Олардың сөздерін ұрпаққа жеткізген мен пақыр. Олардың жырларын халықтың құлағына жеткіздім. Бірақ оларға сиынған жоқпын. Құдайдан басқа біреуге сиынуға болмайды", - деді Бекболат Тілеухан.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды