Жыл сайын 80 әйел отбасындағы зомбылықтан көз жұмады – Бас прокуратура

21.11.2023, 20:37
90
Жыл сайын 80 әйел отбасындағы зомбылықтан көз жұмады – Бас прокуратура canva.com

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен бет-бет келетін әйелдердің ресми статистикасын атады. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

 

«Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кем дегенде 80 әйел көз жұмады. 150 әйел ауыр жарақат алса, 200 әйел орта дәрежедегі, 4 мыңнан астам әйел жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 шағым түседі. Оның ішінде бала мен әйелді сабау, мүгедектікке душар ету, тіпті кісі өлтіру фактілері бар», – деді ол Бас прокуратураның Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында.

М.Әбішевтің сөзінше елдегі әрбір үшінші әйел отбасында зорлық-зомбылыққа тап келеді.

«2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Дегенмен бұл сандар шынайы жағдайдың көрінісі бола алмайды. Отбасындағы жанжалдың көбі жабулы қазан күйінде, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік жұмысшылардың назарынан тыс қалады. Тіпті жүйелі түрде сабап, қорқытып, психологиялық зомбылық жасау жағдайлары да жасырын қалады. Сарапшылардың жүргізген есебі бойынша, елдегі әрбір үшінші әйел осындай қарым-қатынаспен бетпе-бет келеді», – деді министрдің орынбасары.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары