Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген педофил жазасын ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді

22.11.2023, 11:34
1181
Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген педофил жазасын ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді stan.kz

Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, 48 жастағы Сайдолим Ғайбназаров қараша айының басында Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіз мекемесіне ауыстырылды. Ол өмірінің соңғы күніне дейін камерада отырады. Педофилге түрмеде айына кемінде бір рет мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. 

"Химиялық кастрацияға қатысты сотталған жазасын одан әрі өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін оның құрамына аймақтық деңгейдегі мамандар кіретін мамандандырылған психиатриялық комиссияда медициналық тексеруден өтеді. Кейіннен комиссияның қорытындысы бойынша сотталған дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді, онда химиялық кастрацияға арналған препаратты тағайындау туралы шешім қабылданады. Препарат бұлшықет ішіне екі аптада бір рет немесе айына бір рет тағайындалады. Бұл талдау нәтижелеріне байланысты (тестостерон деңгейінің төмендеуі)", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 13 шілде күні Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақатын алған бес жасар қыз өлі табылған еді. Бірқатар ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сәйкес, қызды зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ал күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған нашақор болып шыққан. 

Оқиға тәртіпсіздікке әкеліп, ашулы тұрғындар күдікті кісі өлтірушіні полициядан алып қалуға тырысты. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға назар аударып, бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды. Қаза болған қыздың әкесі қылмысты жасады деп күдікке ілінген нашақорға дұрыс емес үкім шығарғандарды жазалауды талап етті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)