Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының сабағы қысқарады
Астанада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының сабағының ұзақтығын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.
Астана қалалық білім басқармасының мәліметінше, сабақтың соңында балаларды мүмкіндігінше ата-аналары немесе заңды өкілдері қарсы алуы керек.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды. Алайда, әр ата-ана баланы мектепке жібермеуге құқылы, бұл туралы сынып жетекшісіне алдын ала хабарлайды.