«9-20-25» баспана бағдарламасы келер жылдан бастап іске қосылады - Смайылов

23.11.2023, 13:59
763
«9-20-25» баспана бағдарламасы келер жылдан бастап іске қосылады - Смайылов primeminister.kz

Үкімет басшысы елімізде жақын арада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысынан «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылатынын сұрады.

«Тұрғындар тарапынан «7-20-25» бағдарламасына кеңінен сұраныс болды. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыруға қаражат керек. Ұлттық банк өзінің лимитін қойған еді. Бұл лимит сұраныс тұрғысынан жеткіліксіз. Ұлттық банк мұндай шектеу қойғаннан кейін Үкімет аясында, сондай-ақ Отбасы банк және «Бәйтерек» холдингі бірлесіп қосымша бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Ол - «9-20-25» бағдарламасы», - деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, жаңа бағдарлама бойынша 25 жылға 9 пайыздан ипотекалық несие беріледі.

«Қазіргі жағдайда 9 пайыз деген төмен мөлшерлеме саналады. Соны іске асыру үшін тиісті есеп-қисапты жасап отырмыз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек және 8 мың отбасы немесе адамға осы ипотеканы алуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 100 млрд теңгені нарықтан тартуымыз қажет, ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі тиіс. Осы қаражатты қосып, 9 пайыздық ставкаға шығу керек. Бұл бағдарлама негізінен жастарға арналады деп санаймын», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда ол бағдарлама жақын арада іске қосылатынын айтты.

«Келер жылы осы бағдарлама жүзеге асады», - деп нақтылады Премьер-Министр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды