Қазақстанда спорт легионерлерінің саны 15 пайызға азайды

23.11.2023, 20:36
757
Қазақстанда спорт легионерлерінің саны 15 пайызға азайды nege.kz

Елде спорт легионерлерінің саны азайып келеді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

«Спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен бірлесіп, шетелдік спортшыларды тартуды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Футбол мен хоккейге арналған кәсіптік спорттық ойын клубтарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан бөлінетін қаражат лимиті 1,2 млрд теңгеден, қалған спорттық ойын түрлері бойынша 450 млн теңгеден аспайтын сома белгіленді. Кәсіптік клубтар белгіленген шектен аспауға тиіс», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, спорттық ойын түрлері федерацияларымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде легионерлер санын төрттен екі ойыншыға дейін қысқарту туралы шешім қабылданған.

«Бүгінгі таңда «Қазақстандық футбол тәрбиеленушісі» атағын алған қазақстандық футбол клубтарының ойыншыларына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, өткен жылдармен салыстырғанда елдегі легионерлер саны 15 пайызға азайды. Бұл отандық спортшыларға сұранысты көрсетеді», -деді Әлихан Смайылов.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)