1274

Шымкентте 2 жастағы баланы психикалық ауытқуы бар туысы терезеден лақтырып жіберді

Күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.

Шымкентте 2 жастағы баланы психикалық ауытқуы бар туысы терезеден лақтырып жіберді
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, Шымкентте 2 жасар сәбиді туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберген. Бұл туралы Kazinform басылымы жазды.

Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған. 

Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.

Қазір сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.

«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Балаларды кафель еденге ұйықтатқан балабақшаның видеосын көру үшін сілтемені басыңыз: Smart News телеграм арнасы

Материал авторы