"Әкім мән бермеді": Екібастұздағы Милананың өлімі үшін ауыл әкімін жазаламақ

25.11.2023, 09:55
3620
"Әкім мән бермеді": Екібастұздағы Милананың өлімі үшін ауыл әкімін жазаламақ stan.kz

Жеті жастағы қыздың өліміне әкімнің қандай қатысы бар?

SmartNews хабарлауынша, Павлодар облысында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі партияның Екібастұз қалалық филиалына Қоянды ауылдық округінің экс-әкімі Абай Хакимовты партия қатарынан шығаруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Олар ауылда жеті жасар қызды анасы өлтірген жағдайдан кейін осылай шешкен.

Комиссия төрағасы Олег Костенконың айтуынша, ауылдық округтің бұрынғы басшысы Бесқауғадағы отбасыға тиісті бақылауды қамтамасыз етпей, өз міндеттерін тиісінше орындамаған. 

"Жергілікті атқарушы органның өкілі ретінде ол тәуекел тобындағы отбасын ерекше бақылауда ұстауға міндетті еді. Біз сонда болдық, үйде антисанитария. Бөлімшеде осындай жеті үй бар", – деді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова.

Партия мүшелері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамаған және осындай қайғылы жағдайға жол берген барлық шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы керек деп санайды.

Облыс әкімі Асаин Байхановтың тапсырмасы бойынша Қоянды ауылдық округінің әкімі, Екібастұздың әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар Екібастұз әкімінің шешімімен Шідерті әкімі орнын босатты. Сондай-ақ полицейлерге қатысты шаралар қабылданады.

17 қарашада Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылынан жеті жасар Милана Давыдованың жоғалып кеткені туралы ақпарат таралған еді.

Кейінірек полиция 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілердің жеке басын анықтады. Баланы өлтірді деген күдікпен құқық қорғау органдары анасы мен оның танысын ұстады.

Екі көлікке арасында басы қысылып қалған баланың фотосын көру үшін сілтеме: Smart News телеграм арнасы

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті