"Өзеннің арнасын да өзгерткен": Алматы облысында 19 нысан заңсыз салынып жатыр

26.11.2023, 15:12
640
"Өзеннің арнасын да өзгерткен": Алматы облысында 19 нысан заңсыз салынып жатыр gov.kz

Қаскелеңде заңсыз құрылыс салушылар өзеннің арнасын өзгерткен.

Алматы облысының прокурорлары облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің көптеген бұзушылықтары анықталды.

Мәселен, 19 нысан бойынша қабылданған шаралармен (Қонаев қ. 11, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 3) заңсыз құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылды.

КТК заңсыз құрылысының басталу фактілері бойынша (Қонаев қаласындағы 5 объект және Қарасай ауданындағы 1 объект бойынша) құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және уәкілетті орган рұқсат құжаттарын алу жолымен бар бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, «Orda Town» КТК құрылысын бастады.

Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты, сотта заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз қаралады.

Басқа жағдайда Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды.

Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапкершілікке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде салынып жатқан объектілерді бұзу жолымен елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жүргізуге бағдарланған.

Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастады.

Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылыс бақылауы саласындағы органның рұқсатынсыз басталды.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады. Объект қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, прокуратура актісі бойынша 3 жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы заңсыз өзгерістерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экологиялық қорытындысыз құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (9 млн.теңгеден астам айыппұл сомасы).

Аталған бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастыруда.

Талдаумен барлығы осындай 23 тұрғын үй кешені анықталды (Қонаев қаласында 9 объект, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 объект), құрылыс салушыларға қатысты сотта олардың әкімшілік жауаптылығы мәселесі қаралуда.

Аталған бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан объектіден тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға «үлестік құрылыс туралы» заңнаманың негізгі нормалары туралы түсіндіреді.

Сонымен, құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқық белгілейтін құжаттарға назар аудару қажет. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек.

Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылысқа рұқсаты болуы тиіс.

Негізгі құжат-бұл жергілікті атқарушы органның қаулысы түріндегі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат.

Бұл ретте аталған құжаттардың болуы сатып алушының құқықтарын одан әрі қорғауға және салынған ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне назар аударамыз.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады