Ресейлік алаяқтар елімізде қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтарды тонап жүргені рас па?

26.11.2023, 17:08
1505
Ресейлік алаяқтар елімізде қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтарды тонап жүргені рас па? sputnik

Атырауда қаржы пирамидасын құрған ресейлік азаматқа сот үкімі шықты

SmartNews сайтының хабарлауынша, тергеу органдарымен Т. аса ірі мөлшерде ақша тарта отырып, қаржылық пирамиданы құрып және оған басшылық жасағаны үшін айыпталды (ҚК-тің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

Атырау облыстық сотының хабарлауынша, сотталушы Т. Ресей Федерациясының азаматы Д.-ның  «Thefiniko» компаниясын құрғанын біліп, адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, оған қосылуға және компания атынан әрекет жасауға шешім қабылдаған.

Т. Қазақстан Республикасы аумағында «Thefiniko» компаниясының тұрақты табыс алатынына, яғни халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екеніне көз жеткізіп, компанияның құрылымдық бөлімшесін басқаруға шешім қабылдаған.

Ол компанияға 19 жәбірленушіні тартып, жалпы келтірілген залал сомасы 108 млн теңгеден астам соманы құраған, оның ішінде ол тергеу сатысында 93 млн теңге залалдың орнын толтырған (өтелмеген залал сомасы – шамамен 15 млн теңге).

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, экономикалық сараптама қорытындысымен, маман қорытындысымен, фото және бейнематериалдармен толықтай өз дәлелін тапты.

Прокурор сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен Т. кінәлі деп танылып, оған қаржылық, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оның зейнеткерлік жасын және келтірілген залалдың ішінара өтелгенін ескеріп, сот ҚК-тің 63-бабын қолданып, жазаны шартты түрде тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген соттың хабарламасында.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды