6501

Салмағы триллион тоннаға жуық: Әлемдегі ең үлкен айсберг 30 жыл дегенде алғаш рет қозғалды

Британдық ғалымдар әлемдегі ең алып мұздық ери бастағанын айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы Fox News арнасы хабарлап отыр.

Салмағы триллион тоннаға жуық: Әлемдегі ең үлкен айсберг 30 жыл дегенде алғаш рет қозғалды
foxnews.com

Бұл – «А23а» деп аталатын Антарктидадағы мұздықтардың ең ірісі. Қазіргі уақытта ғалымдар 30 жыл қозғалмаған мұздықтың кенеттен еру себебін анықтауға кіріскен.

Соңғы уақытта адам баласының әрекетінен Жер бетіндегі температура артып, полюстегі мұздықтарға да қауіп төндіруде. Ғалымдартһ егер мұздықтың бәрі еріп, суға айналса, адам баласының аман қалуы екіталай деп отыр.