Банкте әйелін пышақтаған ақтөбелік бұзақылық бабы бойынша сотталды

27.11.2023, 11:14
1264
Банкте әйелін пышақтаған ақтөбелік бұзақылық бабы бойынша сотталды nege.kz

Оқиға Хромтаудағы Home Credit Bank-тің бөлімшесінде болған. Араққа сылқия тойған ер адам банкте консультант болып жұмыс істейтін әйеліне келіп, оның кеудесі мен иығына пышақ жарақаттарын салды. Бұл туралы Каzinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Пышақтың жүзі сынып, әйелдің иығында қалып қойғаннан кейін, қаскүнем оны денесі мен басынан жұдырықпен ұруды жалғастырған. Мұның бәрі жәбірленушінің әріптестерінің көзінше болды. Әйел ауруханаға жеткізілді. Ал ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Ол «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен сотқа тартылды. Әйел олардың ортақ баласы барын, күйеуі ішімдікті көп ішетінін, шөп шегетінін, өзін және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Жәбірленуші күйеуін кешірмейтінін және соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал айыпталушы әйелін өлтіру ойында болмағанын, керісінше, отбасын сақтап қалғысы келгенін алға тартты.

Сот отырысы барысында прокурор тағылған айыпты «Кісі өлтіруге оқталудан» «Пышақ қолданып бұзақылық жасауға» өзгертті.

Судья ер адамға қоғамдық орында, жұмыс уақытында әйеліне пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтіруді бұзақылыққа жатқызуға болатынымен келісті. Осылайша, ол бұзақылық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Әйел мен ер адам сотта жауап беріп жатқан кезде олардың арасында заңды неке болмаған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды