"Талай кірпіш құлаған": Оралда басына кірпіш түсіп, мерт болған әйелге қатысты жаңа деректер айтылды

28.11.2023, 10:01
3474
"Талай кірпіш құлаған": Оралда басына кірпіш түсіп, мерт болған әйелге қатысты жаңа деректер айтылды КТК

Оралдық полицейлер, басына кірпіш түсіп, көз жұмған қала тұрғынының өліміне кінәлілерді іздеп жатыр. Бұл туралы  Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.

Жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан 50 жастағы әйелдің басына кірпіш құлаған. КТК телеарнасының мәліметінше, сол сәтте тіл тартпай кеткен марқұм саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған екен. 

"Педколледже сабақ беріп жүрген. Жүгіріп жүрген оқытушы, ауырған жоқ, жатқан жоқ. Басына кірпіш құлағанда сол жерде жан тапсырған деп естідік, жанымыз түршікті", - дейді марқұмның әріптесі Шалқыма Құрманалина.

Бүгін педагогика колледжінде аяулы ұстаз Гүлнәр Нұрашевамен қоштасу өтті. Директордың орынбасары қызметін атқарған ол желтоқсан айында 50 жасқа толады екен. Полиция оқиға тапа-тал түсте қаланың орталық көшесінде болғанын айтады. Төрт қабатты бірнеше үйдің жанынан жаяу жүргіншілер жолы өтеді екен. Бірақ Гүлнәр Нұрашева қаланың басқа шетінде тұрады. Бұл жерге жеке шаруасымен барған. Сол жерден өте бергенде шатырдан басынан кірпіш құлап түскен. 1960 жылдары салынып, ешқашан күрделі жөндеу көрмеген үйдің шатырында кірпіштер шашылып жатқан. Оны біреу әдейі лақтырды ма, әлде өздігінен құлады ма, оны полиция анықтайды.

"Осы үйлерде орналасқан дүкен, ломбард қызметкерлері бұған дейін де талай кірпіш құлағанын айтады. Әйтеуір адам аман болатын. Енді, міне, адам ажал құшты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Орал қаласы Абай полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Аслан Аймұханов.

Еске салайық, 26 қарашада Оралда басына кірпіш құлаған әйел мерт болғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14.35-те Достық даңғылындағы 236 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда болған. Әйел адам оқиға орнында мерт болған. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол