Мектепте сабақ үстінде телефон қарауға тыйым салынады

30.11.2023, 13:39
943
Мектепте сабақ үстінде телефон қарауға тыйым салынады canva.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

«Ұстаздармен болған кездесулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына қатысты. Телефонға тыйым салуға заңнамада нақты шектеу жоқ. Осыған орай, жобаға сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да енгізілді», – деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс өкілінің пайымынша, оқу барысында бала сабақ оқуы керек. Себебі телефон бұл процеске кедергі келтіреді.

«Біздің ұсынып отырған нормамыз тек сабақ кезінде ғана шектеуге арналған. Ал баланың үзілісте пайдалануына шектеу болмайды. Сабақ кезінде бала әлеуметтік желілерді қарап отырғаны дұрыс емес. Егер мұғалімнің сабақ жоспарында кейбір қосымшаларды пайдалану қажет болса, онда сабақ кезінде инновациялық технологиялар мақсатында смартфонды қолдануға рұқсат етіледі. Атап айтқанда, жалпы мектепте пайдалануға шектеу қарастырылмаған», – деді депутат.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды