"Мүлде жылы сөйлемейді": Жазира мен Жанболат ажырасқалы жатыр ма?

Аиса Махамбет Редактор
01.12.2023, 14:48
33323
"Мүлде жылы сөйлемейді": Жазира мен Жанболат ажырасқалы жатыр ма? zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова күйеуі өзін мақтамайтынын айтты.

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жазба жариялап, жолдасына деген назын жеткізді. Сөзінше, отағасы оны мүлдем мақтамайды екен.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Жазира Байырбекова күйеуі Жанболат Ербатыровқа арналған жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. 

"Әйелін барынша жан-жағына, халыққа мақтайтындар бар. Біздікі тек ішінен мақтайтын сияқты. Мүмкін мен жоқ жерде сыртымнан мақтар ма екен?! Жалпы әйелінің жақсы қасиеттерін тізіп айтып отыратын адамдарды көргенде ойланып қаламыз иә, қыздар?! Біздікі тіл тиіп кетпесін дей ма екен, әлде. Күйеуі мақтамайтын қыздар сырласайық", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөздерін жалғап, қызу талқыға көшті. Оқырман қыз-келіншектердің басым көпшілігі дәл осындай жағдайға тап болған екен.

"Біздің отағасы да дәл сондай. Мақтағанын, рахмет айтқанын көрмеппін", "Менің жолдасым да тура сондай. Бір мақтамапты. Бәлкім мен жоқ кезде мақтайтын шығар", "Бәріміздің күніміз сол секілді. Ішінен мақтайды деп үміттенейік", - деп жазуда желідегілер.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады